Қостанай облысында мереке күндері тыныш өтті

None
ҚОСТАНАЙ.  Қыркүйектің 1-і.  ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -   Мереке күндері Қостанай  облысы  Ішкі істер департаментінің полиция  қызметкерлері  күшейтілген  режимде  жұмыс істеді.   Нарядтардың  қатары   көбейтілді.      Департамент басқармасының бастығы  

Елена  Кашаринаның  айтуынша,  «қоғамдық тәртіпті  қамтамасыз  ету  жөніндегі қабылданған   шаралардың  арқасында   мерекелік күндер аймақта   тыныш  өтті».

Соңғы үш  тәулікте    облыс бойынша  қылмыстар мен оқиғалар туралы  298    хабар  тіркелген,  бұл     әдеткі күндердегі қылмыстық көрсеткіштерден   әлдеқайда   төмен.   Тіркелген  фактілердің   ішінде -  Жітіқарадағы   тұрмыстық   кісі өлтіру  оқиғасының бетін  ашу,   Қостанайда 21 грамдай  героинмен  есірткі саудагерінің    ұсталу фактілері бар.  Сондай-ақ бұрындары жасалған  8 қылмыстың беті ашылды,  4 қылмыскер  ұсталды,  бұрын  жоғалып  кеткен  1 адам  анықталды.