Елена Кашаринаның айтуынша, «қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың арқасында мерекелік күндер аймақта тыныш өтті».
Соңғы үш тәулікте облыс бойынша қылмыстар мен оқиғалар туралы 298 хабар тіркелген, бұл әдеткі күндердегі қылмыстық көрсеткіштерден әлдеқайда төмен. Тіркелген фактілердің ішінде - Жітіқарадағы тұрмыстық кісі өлтіру оқиғасының бетін ашу, Қостанайда 21 грамдай героинмен есірткі саудагерінің ұсталу фактілері бар. Сондай-ақ бұрындары жасалған 8 қылмыстың беті ашылды, 4 қылмыскер ұсталды, бұрын жоғалып кеткен 1 адам анықталды.