Қостанай облысы Жітіқара аудандық соты айыпталушы азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс өндірісін рақымшылық бойынша тоқтатты.
Іс материалдарына бойынша, 2012 жылы 13 тамызда Жітіқарадағы шағын несие беру ұйымының қызметкері қарызын өтеуге келген борышкердің 300 мың теңгесін алған және квитанция берген.
300 мың теңге көлемінде алынған қаражатты әйел өз қажеттіліктеріне жаратқан. Жымқыру фактісін жасыру мақсатында, ол борышкер атынан ұйым кассасына жымқырылған қаражаттың бір бөлігін салған (47 мың теңге).
Қалған 253 мың теңгені әйел өзі иемденген.
Өзге эпизод бойынша, 2012 жылдың қазан айында ЖШС қызметкері 35 мың теңгені иеленіп алған.
Азаматша Н. жасаған бұл қылмыстық құқықбұзушылық орташа деңгейдегі қылмыс болып саналады.
«Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес, орташа деңгейдегі қылмыс жасаған және кәмелетке жасқа толмаған балалары бар әйелдердің қылмыстық іс өндірісі тоқтатылады.