«2017 жылы сатып алу құқығынсыз 7 жалдамалы тұрғын үй құрылысына 1 млрд. 562 млн. теңге бөлінді. Олардың қатарында Рудныйдағы екі, Заречный ауылындағы екі (берілуі биылғы жылға жоспарланып отыр), сондай-ақ, Қостанайдағы үш үй (берілуі 2018 жылы) құрылысы бар. Барлығы 381 пәтер», - деді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы мониторинг және есеп бөлімінің басшысы Мирас Серғалиев.
Заречный ауылындағы Северный шағын ауданында 27 және 18 пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы, әуежай аумағында үш қабатты тұрғын үй және Рудныйда екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр.