«19 маусым күні 14:20-дан бастап Жітіқара ауданының Чайковский кентінде Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы 1957 жылы туған ер адамды іздеп жатыр», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Белгілі болғанындай, ер адам 14 маусым күні омарталарын тексеруге кетіп, қайта оралмаған. Әзірге іздеу шаралары нәтиже берген жоқ.