Соңғы күндері Қостанай облысында бұрқасын мен боран соқты. Жол «дәліздерінің» биіктігі үш метрге дейін жетті.
Қарасу ауданындағы үй-жайдың бәрі дерлік қар астында қалды. Тұрғындар өз үйлерін қардан аршып жатыр.
Қостанайдағы «Қазгидромет» филиалы синоптиктерінің болжауынша, Наурызым ауданына бір тәулікте 58 см, Қарасу ауданына - 34 см қар жауған.
Өңірде жолдар жабылып, адамдар мен көліктерді қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүруде. Синоптиктер қардан кейін аяз болады деп болжауда. Бүгін автокөлік қозғалысы үшін барлық жолдар ашылды.