Аумағы 13,3 га құрғақ шөп және 3,6 га жерді жалып шарпыған. Өрттің жалпы ауданы – 16,9 га құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Михайлов орман шаруашылығы мекемесінің» КММ 18 қызметкері мен тоғыз техникасы, сондай-ақ «Тоғызбай-Агро» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымдарының бір адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Орманшылардың жедел іс-қимылдарының арқасында оттың таралу қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі – отты абайсыз пайдалану.
15:26, 01 Шілде 2020
Қостанай облысында орман өртенді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы аумағында Қарабалық ауданы Талды ауылынан бір шақырым жерде «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ учаскесінде орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.