Қостанай облысында орман өртеніп жатыр

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 16 шілдесінде Қостанай облысының Пригородный орман шаруашылығы мекемесінің Қостанай орманшылығында 30 га алқапта орман өрті шықты. Бұл туралы ҚР АШМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қатты жел мен ауа температурасының жоғары болуы орман өртінің тез таралуына әкеліп соғып, оны сөндіруде қиындықтар тудыруда.

Қазіргі кезде өртті толық ауыздықтау жөнінде шаралар қолданылып жатыр. Орман өртінің шығу себебі анықталуда.

Орман өрті фактісі туралы Қостанай облыстық ТЖД хабарланды.

Өртті сөндіруге Басаман, Пригородный және Семиозерный орман мекемелерінің мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Қостанай қаласының өртке қарсы мемлекеттік қызмет орындары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысуда. Тілсіз жаумен күреске барлығы 70 адам, 16 өрт сөндіру машинасы, 3 трактор мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның тікұшағы жұмылдырылды.