«Мүлкі (шаруашылық құрылыстары, ауыл шаруашылығы техникасы) өрт салдарынан зардап шеккендерге мүліктің бүлінгені үшін өтемақы бағалау құнымен ішінара төленеді», - делінген Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ, Үкімет басшысының айтуынша, Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету аясында – әлеуметтік төлем алушы 23 мың адамға кестеден тыс жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге зейнетақы мен жәрдемақы, 2 714 аз қамтылған отбасына 150,9 млн теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Зардап шеккендердің ішінде 91 отбасына жергілікті бюджеттен 50 айлық есептік көрсеткіш (әрбір отбасына) мөлшерінде біржолғы көмек тағайындалды.