Қостанай облысында орманда адасқан 4 адам табылды, екеуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында сағат 00:15-те Әулиекөл аудандық ТЖБ-ның (8 адам және 3 техника бірлігі) және жергілікті тұрғындардың бірлескен күшімен Аманқарағай және Новонеженка елді мекендерінің арасындағы орманда адасып кеткен 4 адамды іздеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Іздеу нәтижесінде жоғалғандар табылды. Олардың екеуі ауруханаға жеткізілсе, екеуі медициналық көмек көрсетуден бас тартты.