Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Өрт сағат 10.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 12 шаршы метрді құрады. Өрт орнында 44 жастағы ер адамның мәйіті табылды.