Қостанай облысында өрт орнында ер адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Кеше сағат 20.45-те Қостанай облысының Меңдіқара ауданы, Мендіқара кентінде екі пәтерлі тұрғын үйдің №1 пәтерінде өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 30 шаршы метрді шарпыды. Өрт орнында 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды.