Өрттің таралуы жарты сағатта тоқтатылды, тағы екі сағаттан кейін ол толығымен ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Жалын 37 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнында 63 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнынан түрлі дәрежедегі күйік жарақаттармен 65 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.