ІІД-нің баспасөз хатшысы Сәуле Нүрпейісованың мәліметіне қарағанда, кәмелеттік жасқа толмаған 79 жасөспірім, оның ішінде 30 бақылаусыз қалған балалар полиция бөлімшесіне түскен. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жасөспірімдердің мектеп аумағында ішімдік ішуі бойынша 11 оқиғаны анықтаған. Полиция қызметкерлері мен білім органдарының өкілдері бірлесе жүргізген рейд барысында түгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген 55 жасөспірім анықталды.
Сарыкөл ауданында ойын-сауық мекемесінің әкімшісі 15 жасар қызды дәмханаға кіргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Кәмелеттік жасқа толмаған 25 жасөспірім ІІО-ның есебіне алынды.