Қостанай облысында коронавирус инфекциясымен күрес және алдын алу шаралары жалғасуда. Соның бірі – провизорлық емхананың ашылуы. Бұл шешім өңірде прозиворлық төсек-орындардың жетіспеуіне байланысты қабылданды.
«Қазір бұл стационарға 100 төсек-орын қойылып, оттегі және қажетті құрылғылар мен медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер жеткізілді. Жалпы облыста 460 төсек-орынға сұраныс бар. Жаңа госпиталь 11 шілде күні кешкі сағат 20.00-де алғашқы науқастарды қабылдады. Бұл провизорлық стационардың жұмысын облыстық аурухана реттеп отырады», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Жаңа ашылған стационар дәрігерлермен толық қамтылған. Бұл – Қостанай қаласындағы үшінші провизорлық стационар.