Қостанай облысы ТЖД кезекші бөліміне Лисаков қаласындағы саяжайлардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 5 қызметкері және 1 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келген сәтте саяжай үйінің 20 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Өртенген үйдің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Оның 42 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны екені анықталды», - делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері жазда от жаққан кезде барынша сақ болуға шақырады.