Өрт бүгін таңертең жұмысшылар демалып жатқан вагондаболды.
«1968, 1999 жылғы ер адамдар көз жұмды. Өрт бүгінсағат 4:45-те болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өртке төсекте жатып темекітарту себеп болуы мүмкін», - деп мәлім етті ТЖД өкілі.
Белгілі болғандай, оқиға болған жерде тағы бір вагон тұрған. Оның ішінде төрт жұмысшы болған.Алайда олар қатты шыққан дыбысты естіген сәтте өртке оранған вагондағыадамдарды құтқаруға кеш боп қалған.
Ведомствоның мәліметінше, өрттің аумағы 15 шаршы метрдіқамтыды. Құтқарушылар келгенге дейін вагон түгелдей өртеніп кетті.