Оқиға 3 сәуір күні Федоров ауданының Кеңарал ауылында болған.
«Кеше сағат 19:00-дер шамасында шекара қызметкері құдықтан су алмақ болғанда шақалақты көрген. Ол бастапқыда қуыршақ деп ойлаған. Кейін анықталғандай, бұл нәрестенің денесі болып шықты. Оқиға орнына жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкелері келді», - деді Р.Уәжитов агенттік тілшісіне.
Облыстық ІІД бұл факті бойынша мәлімдеме жасаған жоқ.
Иллюстрациялық фото