Спикердің айтуынша, 1 маусымнан бері облыстың су айдындарында 12 адам суға кеткен. Оның ішінде 1 бала бар. 2021 жылдың осындай кезеңінде - 11 адам суға батқан еді, оның ішінде 5 бала болды.
Өткен аптада бір адам осылай көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 шілде сағат 17.30 шамасында Рудный қаласы, Парковая көшесіндегі шіркеу ауданында болған.
Құтқарушылар жабдықталмаған жерде шомылып жүріп батып кеткен 1995 жылы туған азаматтың денесін судан шығарды.
Суға батқандар негізінен үш ауданда тіркелген. Б.Майлин ауданында - 5, Рудныйда - 4 адам, Қостанай ауданы - 2 адам.
«Судағы оқиғалардың негізгі себептері - мас күйінде шомылу, балық аулау кезінде ережелерді бұзу және балаларды қараусыз қалдыру, жүзе алмау және өз күшін дұрыс бағаламау» деп атап өтті брифингте Құрманғазы Тәуекелов