Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Денис Несин мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Владимир Яшин Коняево көлінің маңында Toyota Hilux автокөлігін тексерді.
«Көлікте Қостанай қаласы мен Белоглинка ауылының 3 тұрғыны болған. Жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған еліктің терісі жатты. Тексеру барысында полицейлер 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді, қазір тергеу шаралары жүргізілуде», - делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Жыл басынан бері полицейлер заңсыз аң аулаудың 12 фактісін тіркеді.