А. Исенбаевтың айтуынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2011-2016 жылдары Қостанай облысында бюджеттен сумен жабдықтау және су тарту желілерін жаңартуға бағытталған 75 жобаға 34 млрд теңге бөлінген.
«1100 шақырым желі жаңартылды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2019 жылдары бюджеттік несиелеу тетігі арқылы облысқа 15 жобаны жүзеге асыру үшін 10 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 143 шақырым сумен жабдықтау, 14 - су тарту желісі қайта құрылды», - деп хабарлады ведомство басшысы.
«Былтыр өңірді дамыту бағдарламасы бойынша ауылды сумен жабдықтауда 9 жобаны жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінді. Осы жылы сумен жабдықтау және су тарту бойынша 25 жоба үшін 9,7 млрд теңге берілді. Оның ішінде 8 млрд теңге сумен жабдықтау желілерін қайта құруға, 1,7 млрд теңге құрылысқа жұмсалды», - деп түсіндірді А. Исенбаев.
Осы 25 жобаны жүзеге асырудың арқасында сумен жабыдықтау желілерінің тозығы 2,1%-ға төмендейді. 25 жобаның 21-і - ауылды сумен жабдықтауға арналған.
Осылайша, 93 мыңнан астам адам алғаш рет орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.