«Осы жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін газ желілері ұйымы 2310 тонна газ сатып алмаған. Оған себеп - зауыттың алыстығына және газ желісі ұйымдарының қаржылық қиындықтарына байланысты төмен рентабельділік. Бұл жағдай резервтегі қалдыққа айтарлықтай ықпал етті, сұйытылған газ жинақталмай беріліп жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.
Сондай-ақ, сұйытылған газ тапшылығына цистерналарды теміржол көлігімен ұзақ уақыт жеткізу және жазғы кезеңде, оның ішінде «Қарталы-Рудный» магистральдық газ құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұтынудың артуы ықпал етіп жатыр.
«Жергілікті атқарушы органдар шілдеде 504 көлемінде, тамызға 1000 тонна газ көлемінде қосымша бөліп, шаралар қолданып жатыр», - деді Энергетика және ТКШ басқармасынан.
Бұған дейін әкімдік Қостанай облысындағы АИ-95 бензиніне қатысты жағдайды түсіндірген болатын.
Жанна Мұсабаева