Оқыс оқиға кеше кешкісін Қостанай ауданында болды.
«Алтынсарин кентінің шетінде, Тобыл өзенінен Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы 2003 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарып алды. Ол шомылуға арналмаған жерде суға түсіп жатқанда батып кеткен», - деп мәлімдеді ведомство.
Анықталуынша, жасөспірімнің суға батудан қорғанатын құралдары да болмаған.
Еске сала кетейік, кеше Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 15 жасар жеткіншек суға батып кеткенін хабарлаған едік.
Автор: Жанна Мұсабаева