Облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, жол апаты «Рудный-Қашар» тасжолында болған.
«Жұмыскерлер алып келе жатқан ауысымдық автобус трактормен соқтығысты. Екі адам көз жұмды, тағы бірнеше адам ауыр дене жарақатын алды. Осы дерек бойынша тергеп-тексеру шаралары басталды», - деді И.Беженарь агенттік тілшісіне.
Қазіргі уақытта Рудный қалалық ауруханасына 20 шақты адамның жүгінгені белгілі болды.