Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 18 м/с жетеді.

23 қазан түнде және таңертең Қостанай қаласында тұман түседі.