Қостанай облысында тұрғын үйде болған өрттің салдарынан екі әйел қаза тапты

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі. ҚазАқпарат -  Қостанай  облысының  Красная Пресня  селосында  тұрғын  үйде  болған  өрттің салдарынан  екі  әйел    қаза  тапты,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

120   шаршы метр  ауданға   жайылған  өрт сөндірілген  кезде    оқиға орнынан  екі  әйелдің  денесі  табылды.

Тілсіз жау    Қостанай  облыстық  төтенше жағдайлар  департаментінің күшімен  сағат 05.03-те    ауыздықталды.