Қостанай облысында тұрғындар өз еркімен тапсырған қару үшін 50 миллионнан астам теңге алады

None
ҚОСТАНАЙ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Арнайы шара барысында қаруларын ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырған адамдар Қостанай облысында жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын сыйақы алады.

Естеріңізге сала кетейік, полицейлердің тұрғындардан қаруды қабылдау бойынша шарасы 1 ақпаннан 31 наурызға дейін өткізілді. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ішкі істер органдарына бұл күндері 723 адам келіп, 975 қару бірлігі мен 7400 оқ-дәріні тапсырды.

Бұл шара барысында қарудың бірегей даналары талай рет кездескені қызық болды. Осылайша, ақпан айында полицияға 82 жастағы қостанайлық зейнеткер Дмитрий Жевакин келді. Ол 1941 жылы шығарылған «Наган» типті иір ойықты тапаншаны, иір ойықты мылтық пен оның 508 оқ-дәрісін тапсырды. Мылтық та, тапанша да атуға жарамды. Бұл қарулар зейнеткерге ағасынан мұрагерлікке қалдырылған. Оны Ташкенттен әкеліпті. Бұл оқиғада сыйақы сомасы 178 мың теңгені құрады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.