«14 сәуірде облыстық емдеу ұйымына кене шаққан 6 адам, соның ішінде 1 бала түскен. Алынған паразиттер кенелердің негізгі қоректенушілері – кеміргіштер арасында эпизоотияны анықтау үшін сынақ материалы ретінде пайдаланылады», - деді Қостанай облыстық санэпидбақылау департаментінен.
Ведомствода нақтылағандай, қоздырғыштар бөлінсе, эндемиялық аудандарда тұратын тұрғындарға жұғу қаупі бағаланады.