Облыс тұрғыны Алексей Куликовтың айтуынша, ауа райының тосын мінезін ол Қостанай-Челябі тасжолының бойында кезіктірді. Бірнеше минуттың ішінде үлкендігі бөдененің жұмыртқасындай мұз бұршақ жолды басып тастады, автожүргізушілер қозғалысты тоқтатуға мәжбүр болды.
Еске сала кетейік, синоптиктер бірнеше күн бойы Қазақстанның әр жерінде бұршақ аралас жаңбыр жауатынын болжаған болатын.
Айтпақшы, 4 маусымда Астанада да нөсер жаңбыр жауды, коммуналдық мекемелер қызметкерлері тәулік бойы көшедегі суды сорғызумен айналысты.