«12 сәуірде 1 күнде полицияға Қостанай, Рудный және Құсмұрын кентінің тұрғындарынан қауіптілік туралы үш жалған ақпарат келіп түсті», - деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.
«Қылмыскерлер заңда жалған шақырту үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ірі айыппұл төлеу сияқты жауапкершілік бар екенін білмейтін сияқты сияқты».
15 сәуірде Рудның ІІБ-ға түнде жергілікті тұрғыннан хабарлама түсті. Ол сот ғимаратын жарып жіберетінін айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, «жедел жәрдем» дәрігерлері жетті. Тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Сол күні күдікті ұсталды. Ол Қашар кентінің 47 жастағы тұрғыны болып ықты және ол қоңырау шалған кезде мас болған. Полицияға өз ұялы телефонынан хабарласқан.
Сол күні Қостанайда тағы осындай қылмыс тіркелді, кезекші бөлімге мас адам хабарласып, оның пәтерінде жарылғыш зат бар екенін айтқан. Үйіне жеткен полиця қызметкерлері қауіпті ештеңе таппады.
12 сәуір кешке Қостанай ІІБ-ға Құсмұрын кентінде жарылыс болды деп хабарлаған. Тексеру барысында кенттің 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Хабарлама расталмады.
Биыл Қостанай облыстық ІІД ҚР ҚК 273-бабы бойынша 5 қылмыс тіркеді. Өткен жылы - 17. Барлықтарына айыптау үкімдері шығарылды.
15:22, 13 Сәуір 2017
Қостанай облысында жарылғыш зат қойылғаны туралы бір күнде үш жалған ақпарат түсті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бомба қойылды деген үш жалған хабарлама тіркелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.