Облыстық сотта хабарлағандай, сотталушы ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуде.
«Ол серуенге шығу уақыты кезінде өз еркімен УК 161/12 мекемесіндегі киім сақтайтын орынға кіріп кеткен. Сотталушы осы әрекеті үшін түрмедегі аға бақылаушыдан ескерту алды. Алайда, мекеме тәртбімен келіспеген сотталушы өз міндетін атқарған аға бақылаушыны басынан соқты», -делінген облыстық соттың хабарламасында.
Сотталушы бұл әрекеті үшін айыпты деп танылып, ҚР ҚК 429-бабы, 2-тармағы бойынша 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 60-бабы, 1,4 тармақтарында көрсетілген ережелерге сәйкес, жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Атырау қаласы № 2 сотының үкімімен оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.