Төтенше оқиға Жітіқара ауданындағы «Горный лен» дәмханасының қасында болған.
«Жедел жәрдем көлігінің қозғалтқыш бөлігі тұтанған. Көліктің төбе қаптамасы мен орындықтары толығымен жанып кетті. Оқиға орнына аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Өрт 1,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Көлік аудандық орталық ауруханасынан жанар-жағармай бекетіне бет алған. Зардап шеккендер жоқ.