Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 42 жастағы азамат қаза тапты

ТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 42 жастағы азамат қаза тапты,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Кеше Қостанай облысына қарасты Қамысты ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. 3 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында 42 жастағы азаматтың денесі табылды.

Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.