Аудандық кризистік жағдайлар бөлімшесіне Үшқарасу ауылында жазғы ас үйінен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Әуелі, жиһаз бен төсек-орынға от тиген.
«Өртті жергілікті тұрғындар таңғы сағат 8.40-та толығымен сөндірді. Оқиға орнынан 1959 және 1982 жылы туған екі адамның денесі табылды. Олардың жергілікті серіктестіктердің бірінде жұмыс істейтіні анықталды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.
Өрттің себебі мен кісі өлімінің мән-жайы анықталуда.