Тілсіз жауды бір сағаттың ішінде жергілікті тұрғындар өз күштерімен ауыздықтады. Өртке қарсы қызмет құрылымы шақырылған жоқ. 25 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан 2011 жылы туған баланың денесі табылды. Ал түрлі дәрежедегі күйік шалған 2009 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.