Оқыс оқиға туралы хабар диспетчерлік қызметке 22 шілде күні түскен.
«Жамбыл ауылында күшті жел негізгі мектептің спорт залының шатырын ұшырып кеткен. Зақымданған аудан 270 шаршы метрді құрайды», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.
Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
фото:alau.kz