Қостанай облысында жел мемлекеттік мекеменің шатырын жұлып әкетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қатты жел Қараменді ауылдық округі әкімі аппаратының және Амангелді ауданында АШМ аумақтық инспекция ғимараттарының шатырын жұлып әкетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтерінен қарағанда, дауыл Наурызым ауданында Қараменді ауылында жергілікті әкімдіктің 100 шаршы метр шатырын жұлып кеткен. Сондай-ақ ғимарат жанындағы 4 баннер жойылды. Ірі жергілікті шаруашылыққа залал келтірілді. Жел гараждың металл шатырын қиратты. 450 шаршы метр алаң зақымданды.

Амангелді ауданында дауыл ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешенінде Мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекиясының шатырын зақымдады. Алаң  - 250 шаршы метр.

Жергілікті билік және ТЖБ өкілдері апат шығынын бағалауда.