Қостанай облысында жел ұшырып әкеткен шатыр адамды өлтіре жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында қатты жел соғып, ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды alau.kz.

Төтенше жағдай Қостанай облысының Таран ауданында болған.

Куәгерлер ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен сәтті видеоға түсіріп алған. Түсірілім кезінде кенеттен шатырдың қалған бөлігі жұлынып кетіп, ер адамды майып қыла жаздады.