Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қостанай ауданы маңындағы «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында болған.
«19 қыркүйек күні сағат 22:15-те аудандық полиция бөлімшесіне ВАЗ-2108 автокөлігінің бұлан жануарымен соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазір осы дерек бойынша процессуалдық шешім қабылданып жатыр.