Ондағы мәліметтерге қарағанда, 20 қыркүйек күні сағат 07:40-та Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарып келе жатқан 39 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысқан.
ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ