Енді «Қостанай-Алматы» бағыты жұп күндері, «Қостанай-Қарағанды» бағыты тақ күндері қозғалады.
«Аталмыш пойыздарға алдын ала ресімделген билеттерді қайтару тасымалдау ережелерінде белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте жол жүру құнының сомасы ұсталмайды», - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Қостанай» бөлімшесі филиалының директоры Вячеслав Миронов.
Сонымен қатар «Қостанай» бөлімшесі бойынша өтетін барлық пойыздар үшін аялдамалар саны қысқартылды. Атап айтқанда, «Қостанай-Алматы», №57/58 «Орал - Нұр-Сұлтан», №621/622 «Қостанай – Арқалық», 327/328 «Қостанай-Қарағанды», 47/48 «Атырау - Нұр-Сұлтан» бағыттары күнделікті жүрмейді. Пойыз тек ірі және пойыздарды ретке келтіру станцияларында аялдайды.