Қостанай облысында жолдар жабылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ауа райына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» ЖШС-на сілтеме жасап.

Қостанайда облыстық және аудандық маңызы бар Мамлютка - Қостанай, Ұзынкөл - Сарыкөл, Сарыкөл - Үлкен Дубрава , Қойбағар - Қарасу - Севастополь, Қостанай - Введенка автожолдарында дизель жанармайымен жүретін және жолаушылар көліктері үшін шектеу қойылды.

Еске салсақ, бүгін еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты бірнеше көлік жолы жабылған болатын.