Қостанай облысында жүргізуші 21 жастағы қызды қағып өлтірді
17:26, 11 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Қостанай-Сарыкөл жолында жүргізуші 21 жастағы қызды соғып өлтірді.
«8 тамызда шамамен түнгі сағат бірде Қостанай-Сарыкөл тас жолында Октябрьский кентіне қарай бұрылыстың маңында «Фольксваген» маркілі көлігін басқарған 25 жастағы жүргізуші 21 жастағы қызды соқты. Жапа шегуші белгіленбеген жерде жол өткен», - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз оқиға орнында ажал құшты. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік пайдаланбаған. Тергеу жүргізіліп жатыр.