Облыстық полиция департаментінің өкілі, ЖПҚБ бастығы орынбасары Виталий Цой брифингте жыл басынан бері облыста 115 жол-көлік оқиғасының болғанын айтты.
«Олардың алтауы балалардың қатысуымен болған. 27 адам қайтыс болған, олардың үшеуі – бала. 140 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған, олардың алтауы кәмелеттік жасқа толмаған. Шілде айының 10 күнінің ішінде 14 жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 6 адам қайтыс болып, 10 адам дене жарақаттарын алған», - деді В. Цой.
Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жолда мұқият болып, жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға шақырды.