Қостанай облысындағы аудандық аурухана өртенді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы Федоров аудандық ауруханасының шатырынан шыққан өрт бес сағаттан соң сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 00.10-да ғана оқиға орнындағы сөндіру жұмыстары толығымен аяқталған. Өртке қарсы күреске Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 45 қызметкері және 12 бірлік техника тартылды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады. Оқиғаның себебін ТЖД Өрт сөндіру зертханасының мамандары анықтайды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.