«Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары Федоров аудандық ауруханасындағы өртті сөндіруге бес сағаттан астам уақыт жұмсады. Тек сағат 00:10-да оқиға орнындағы жұмыс аяқталды», - деді Талғат Уәли.
Ведомствоның мәліметінше, өртке қарсы күреске Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 45 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске салсақ , Қостанай облысының Федоров ауданында аурухана өртеніп, пациенттер эвакуацияланды.