«Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Запасное ауылы аумағында ірі қара малдан қарасанның анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын», - делінген ашық талқыға шығарылған құжатта.
Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Костряков ауылдық округінің құрамына 4 елді мекен кіреді. Ауылдардағы халық саны 1505 адам. Сондай-ақ округ аумағында егін және мал шаруашылығымен айналысатын 22 қожалық бар.