Қостанай облысындағы мектептердің бірін өрт шалды

АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы мектептердің бірін өрт шалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеше Қостанай облысындағы Иванов ауылындағы мектептің жабындысы өртеніп, оның 10 шаршы метр жері жанған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылды. Зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ.