Ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары және облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынды.
Қостанай облысы әкімдігінің және ҚР ТЖМ ақпараты бойынша орман өртінің салдарынан азын-аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар. Бірақ, алқаптар жаппай жойылған жоқ. Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 17 га егін өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га дәнді дақылдар зардап зақым келді. Өртенген дақылдың көлемі нақтыланып жатыр.
Айта кетейік, өңірдегі жалпы егіс алқабы 5,3 млн га-ды құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,9 млн га, бидай 3,5 млн га және майлы дақылдар 749,1 мың га.
Сондай-ақ, өңір әкімдігінің жедел мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 3 қыркүйегіне дейін 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.