«Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге 91 жаңа үй салу жоспарланып отырған ауданда 280 орындық жаңа балабақша салынады. Оның құрылысына «Халық» қайырымдылық қоры 1,3 млрд теңге бөлді. Құрылыс жақын арада басталып, келесі жылы жаңа балабақша кішкентай бүлдіршіндерді қабылдауға дайын болады», - делінген ақпараттық штаб таратқан хабарламада.
Бүгін Қостанайдағы орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталды.
Ол үшін қазіргі таңда учаске бөлініп, қажетті техника әкелінген. Онда әрқайсысының аумағы 100 шаршы метр болатын 91 үй салу жоспарланған.